Geely компаниясы электр және гибридті көліктерге арналған тартқыш батареялар қауіпсіздігінің жаңа стандартына қол жеткізді
Geely компаниясы қазіргі заманғы электр және гибридті модельдерінде қолданылатын тартқыш батареялардың жоғары сенімділігі мен сапасын растады. Тамыз айының соңында компания өз әзірлемесі — Aegis Golden Brick жаңа батареясының қосымша экстремалды сынақтар кешенін сәтті аяқтады. Бұл үлгідегі тартқыш батареялар Geely EX5 электрлік кроссоверіне орнатылады. Тестілеу Қытайдың автомобиль технологиялары мен зерттеулер орталығы CATARC ұйымымен бірлесіп жүргізілді және қабылданған ұлттық стандарттардан әлдеқайда қатаң талаптарды қамтыды.
2024 жылдан бастап Short Blade ұяшықтары бар Aegis Golden Brick батареялары 48 түрлі сценарий бойынша 6 263 сынақтан өтті. Жалпы тестілеу уақыты 48 000 сағаттан асты. Geely компаниясының халықаралық инженерлер командасы жалпыға ортақ әдістемелерді толықтыратын 12 жаңа сынақ түрін дербес әзірледі. Олардың қатарында: батареяны 10 метр биіктіктен тастау,жоғары жылдамдықтағы қозғалыс кезінде тікелей соққы,батарея корпусын 8 металл инемен тесіп өту,атыс қаруынан атылған оқпен сынақ,36 тонна салмақты танктің батарея үстінен өту кезіндегі құрылымдық беріктік пен өрт қауіпсіздігін тексеру.
Aegis Golden Brick тартқыш батареясының жаңа сынағын Қытайдың автомобиль технологиялары мен зерттеулер орталығы (CATARC) жүзеге асырды. Ұйым 1985 жылы құрылған және C-NCAP әдістемесі бойынша краш-тесттерді өткізумен кеңінен танымал. Жоғары технологиялық Aegis Golden Brick аккумуляторы үшін CATARC мамандары бірегей және кешенді сынақ бағдарламасын әзірледі. Батареяны тікелей көлікке орнатып, зарядтау станциясына қосқан күйде сынақтан өткізді. Сынақ протоколына динамикалық коррозия, суға батырылу, жоғары температурада зарядтау және разрядтау, сондай-ақ сыртқы өртке ұшырату кірдіAegis Golden Brick барлық сынақтардан сәтті өтті және оның .қауіпсіздігі NESTA сертификатымен расталды. Осылайша, Geely тартқыш батареясы автомобиль индустриясында жаңа эталонға айналды.
Aegis Golden Brick қауіпсіздігі патенттелген инновациялық технологиялар мен материалдар есебінен қамтамасыз етіледі. Батареяда жылу тұрақтылығы жоғары әрі қызмет ету мерзімі ұзақ литий-темір-фосфатты (LFP) электрохимиялық жұп қолданылады. Әрбір Short Blade ұяшығына орнатылған аса жұқа оқшаулағыш қабат механикалық зақымдануларға және кернеудің күрт өзгерістеріне төтеп беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Geely Automobile әзірлеген патенттелген электролит формуласы батареяның ең экстремалды жағдайларда да тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Aegis Golden Brick тартқыш батареялары бірқатар жоғары технологиялық зауыттарда өндіріледі. Ең ірі өндірістік орталық Чжэцзян провинциясындағы Цюйджоу қаласында орналасқан. Өндірістің толық автоматтандырылуы және жасанды интеллект негізіндегі визуалды сапа бақылауы ақаулардың алдын алуға мүмкіндік беріп, өнімге эталондық деңгейдегі сапа мен қауіпсіздік береді.






