Geely Emgrand: әлем бойынша 4 миллионнан астам автомобиль
Geely Auto Group үлкен жетістікке қол жеткізгенін мақтанышпен хабарлайды — Geely Emgrand седанының әлемдік сатылымы 4 миллионнан асты. Бұл нәтиже Emgrand моделінің Қытайдағы ең табысты автомобильдердің бірі екенін дәлелдеп, Geely брендінің жаһандық даму стратегиясындағы маңызды рөлін айқындайды.
2009 жылы алғаш рет жарыққа шыққаннан бері Emgrand сенімділігімен, сәнді дизайнымен, заманауи технологияларымен және қауіпсіздік стандарттарының жоғарғы деңгейімен өзін көрсетті . Бүгінде бұл көлік әлем бойынша миллиондаған жүргізушілер үшін сапаның және сенімді ілгерілеудің символына айналды.
Алекс Нан, Geely Auto Group вице-президенті және Geely Auto International бас директоры, атап өтті:
« Geely Emgrand біздің философиямызды бейнелейді-тұтынушылық құндылығы жоғары автомобильдер жасау. Біз инновацияларды баршаға қолжетімді етуге тырысамыз, ал Emgrand осы көзқарастың жарқын үлгісі. 4 миллиондық сатылым межесін еңсеру — жай ғана сан емес, бұл бүкіл әлемдегі клиенттеріміздің мойындауы, сенімі және алғысы».
Geely Emgrand табысының динамикасы
- 1 миллион сатылым — 2016 жыл (рекордтық жылдамдық)
- 2 миллион — 2018 жылы
- 3 миллион — 2020 жылы
- 4 миллион — 2025 жылдың маусымы
Осылайша, Emgrand әлемдік автомобиль индустриясының тарихындағы ең көп сатылған қытай седандарының қатарына енді.
Өндіріс және география
Модель Хучжоу қаласындағы заманауи Changxing зауытында (Чжэцзян провинциясы, Қытай) шығарылады. Сонымен қатар, құрастыру Египеттегі BAMC кәсіпорнында жүзеге асырылады, бұл компанияның Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка нарықтарына тиімді қатысуды қамтамасыз етеді .
Бүгінде Geely Emgrand халықаралық нарықтағы позициясын сенімді сақтап отыр: ол 25-тен астам ел мен өңірде ұсынылған, ал 2025 жылы 11 елде ең танымал қытай седандарының үздік үштігіне кірді. Олардың ішінде:
- Қазақстан
- Біріккен Араб Әмірліктері
- Сауд Арабиясы
- Мексика
- Филиппин және басқалар бар.






