Geely Қазақстанда жаңартылған Monjaro моделінің сатылымының басталу күнін жариялады
Қазақстандағы Geely компаниясының ресми дистрибьюторы және Orbis Auto автомобильдік тобының құрамына кіретін G Motors Kazakhstan компаниясы жаңартылған премиум-класты Geely Monjaro кроссоверінің сатылымының басталғанын хабарлайды. Модель 12 желтоқсаннан бастап еліміздегі барлық дилерлік орталықтарда қолжетімді болады. Көлік Premium жиынтықталымында 20 890 000 теңгеден, ал Flagship жиынтықталымында 21 890 000 теңгеден ұсынылады.
Жаңартылған Geely Monjaro алдыңғы нұсқасының негізгі артықшылықтарын сақтап қалды: тексерілген платформа, жоғары қауіпсіздік деңгейі және бірден танылатын дизайн. Сонымен қатар модель интерьердің жаңартылған шешімдерін және пайдаланудағы жайлылық пен ыңғайлылықты арттыруға бағытталған кеңейтілген функциялар жиынтығын алды.

«Қазақстандағы Geely бренді табысының негізінде заманауи технологиялар, жоғары қауіпсіздік деңгейі және қолжетімді бағаның үйлесімі жатыр. Geely Monjaro күнделікті пайдалануға да, ұзақ сапарларға да қолайлы мүмкіндіктері бар премиум сипаттағы сенімді кроссовер ретінде өзін жақсы көрсетті. Жаңартылған интерьері мен кеңейтілген функционалы бар жаңа нұсқа сатып алушылар тарапынан сұранысқа ие болып, еліміздегі Geely бренді позициясын одан әрі нығайтады деп сенемін», – деді G Motors Kazakhstan компаниясының директоры Регина Амерханова.

Жаңартылған Monjaro интерьерінде жоғары сапалы күдерімен әрленген жаңа қара-сұр түсті гамма қолданылған. Орындықтардың жастықшаларының ұзындығы ұлғайтылып, жүргізуші орындығы кеңейтілген реттеу мүмкіндіктерімен және массаж функциясымен толықтырылған. Flagship нұсқасында артқы қатардағы орындықтардың арқалығын электр арқылы реттеу және алдыңғы жолаушы орындығының қалпын басқару мүмкіндігі қарастырылған.

Bose аудиожүйесінің орнына кристалды дыбыс реттегіші бар премиум Infinity аудиожүйесі орнатылған. Орталық консоль жаңартылып, беріліс қорабының жаңа селекторы енгізілді. Сондай-ақ мультимедиялық жүйеге автомобиль функцияларын дауыс арқылы басқаруға мүмкіндік беретін дауыстық көмекші қосылған. Flagship нұсқасы үшін жаңа изумруд-жасыл кузов түсі де қолжетімді.
Geely Monjaro моделі CMA модульдік платформасында жасалған және Euro NCAP, US IIHS және C-NCAP ұйымдарының бес жұлдызды қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Кузов құрылымының 75%-дан астамы жоғары берікті болаттан жасалған; лазерлік дәнекерлеу мен энергияны сіңіретін элементтерді қолдану пассивті қауіпсіздіктің беріктігі мен тиімділігін арттырады.
Автомобиль 238 а.к. қуат пен 350 Н·м айналу моментін беретін екі литрлік турбоқозғалтқышпен жабдықталған. 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа дейін үдеуі – 8,4 секунд, орташа жанармай шығыны – 100 км-ге 8,8 л. BorgWarner компаниясының 6-шы буындағы интеллектуалды толық жетек жүйесі жол жағдайына бейімделіп, Eco, Comfort, Sport, Snow, Off-road, Smart және Sand режимдерінде жұмыс істейді.
Жаңа Geely Monjaro Flagship 2025 моделінде алғаш рет электронды басқарылатын амортизаторлары бар CDC (Continuous Damping Control) адаптивті аспа жүйесі енгізілген. Ол секундына 1000-ға дейін түзету жасап, жол жағдайына қарай қаттылықты автоматты түрде реттей алады. Алдыңғы жағындағы McPherson тіректері және артқы жағындағы көпрычагты тәуелсіз аспамен үйлесімде бұл шешім автомобильдің жоғары жылдамдықтағы тұрақтылығын арттырып, бұрылыстардағы еңкеюді азайтады және жол кедергілеріндегі діріл жайлылығын айтарлықтай жақсартады. Осындай инженерлік шешімдердің кешені Monjaro 2025 моделінің динамикасы мен жүріс жайлылығын қымбатырақ премиум сегмент технологияларымен салыстыруға мүмкіндік береді.
Модельде жүргізушіге көмек көрсететін G-Pilot (ADAS Level 2) жүйелер кешені қарастырылған. Оның құрамына адаптивті круиз-бақылау, трассада жүру ассистенті, жолақта ұстау жүйесі, соқыр аймақтарды бақылау, соқтығыстың алдын алу функциясы және белсенді қауіпсіздіктің басқа да элементтері кіреді. Рестайлингке дейінгі нұсқада қолданылған барлық технологиялық шешімдер толық сақталған.

Жаңартылған Geely Monjaro Қазақстанның 17 қаласында орналасқан G Motors Kazakhstan компаниясының 23 ресми дилерлік орталығында қолжетімді болады. Олардың қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен, Атырау, Ақтау, Қостанай, Тараз, Көкшетау, Қызылорда, Орал, Семей, Түркістан және Жезқазған қалалары бар.
Қосымша ақпарат алу үшін 9988 телефонына хабарласуға, info@geely.kz электрондық поштасына жазуға немесе geely.kz сайтына кіруге болады.






