Қазақстанда жаңа Geely Atlas сатылымы басталды

Алматы, 24 қараша 2023 ж. Қазақстандағы Geely ресми дистрибьюторы нарыққа Atlas-тың мүлдем жаңа үлгісін шығарды. Модель қазірден бастап барлық Geely дилерлік орталықтарында қолжетімді. "1.5 2WD Comfort" жиынтықталуының бағасы 13 млн. 990 мың теңгеден басталады. Модельдің үздік "2.0 2WD Flagship + Exclusive" жиынтықталуының құны - 16 млн. 990 мың теңге.

Geely ресми дистрибьюторы атап өткендей, қазақстандықтардың барлық қажеттіліктері мен қалауларын барынша қанағаттандыру үшін Geely Atlas моделі нарықта бес жиынтықталуда қолжетімді болады:

  • 1.5 2WD Comfort - 13 990 000 теңгеден басталатын баға бойынша
  • 1.5 2WD Premium - 14 990 000 теңгеден басталатын баға бойынша
  • 2.0 2WD Premium - 15 790 000 теңгеден басталатын баға бойынша
  • 2.0 2WD Flagship - 16 490 000 теңгеден басталатын баға бойынша
  • 2.0 2WD Flagship + Exclusive - 16 990 000 теңгеден басталатын баға бойынша.

geely

Ұзындығы 4,67 м болатын Geely Atlas әмбебап кроссовері Қазақстанға екі дымқыл ілінісумен жабдықталған және барлық режимдерде өте тегіс және нақты ауысуды қамтамасыз ететін жеті сатылы роботтандырылған беріліс қорабымен екі заманауи бензин қозғалтқышымен – қуаты 174 а. к. 1.5 литрлік турбирленген қозғалтқышпен және қуаты 218 а. к. болатын 2.0 литрлік турбирленген қозғалтқышпен жеткізілетін болады. Atlas үшін қозғалтқыштарды қытайлық инженерлер еуропалық мамандармен бірлесе отырып әзірлеп, баптады, бұл жоғары өнімділік пен еуропалық сенімділікті алуға мүмкіндік берді. Мотор Ward's нұсқасы бойынша 2023 жылдың үздік 10 қозғалтқыштарының тізіміне енді.

Жоғары ПӘК және екі қозғалтқыштың қуат қоры бар комбинациядағы теңдессіз үнемділік (бір жарым литрлік мотордағы аралас циклдегі шығын небәрі 6,8 л/100 км, екі литрлік моторда - 7,4 л), мінсіз үдету және жылдамдық сипаттамалары (бір жарым литрлік моторлы автомобильдерді 100 км/сағатқа дейін жылдамдату небәрі 9 секундты құрайды), HARMAN INFINITY 9 премиалды дыбыс жүйесі бар жайлы салон, арнайы құрылған Geely ONE операциондық жүйесімен басқарылатын автомобильмен өзара байланыс орнатудың 3 экраны - осының бәрі Сізге автомобильмен үйлесімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді, автоматты екі аймақтық климат-бақылау автоның сыртындағы температураға жедел ден қояды, бұл Сізге температураны бір рет орнатып, автомобильдегі жайлылықтан ләззат алуға мүмкіндік береді. ал анатомиялық ерекшеліктері ескеріліп жасалған және 12 бағытта реттелетін арнайы орындықтар ұзақ сапарларда жүргізуден рахат алуға мүмкіндік береді, жүргізушіге көмектесетін көптеген интеллектуалды жүйелер Сіздің көлік жүргізуден көретін жайлылықты одан әрі күшейтіп, осы көліктің иесі болғаннан алатын жағымды әсерлеріңізді толықтыра түседі.

geely

- Geely Atlas - бұл техникалық жетілу, сондай-ақ жайлылық пен қауіпсіздік тұрғысынан алғанда орташа өлшемді кроссоверлер сегментіндегі шын мәнінде жаңа сөз. Автокөлік жоғары тиімділігі бар сенімді заманауи қозғалтқыштармен жабдықталған, олар қарапайым көлемде бір жарым және екі литрден аз болса да, әлемдік автоиндустрия флагмандарының өткен ұрпақтарының 2,5 – 3 литрлік қозғалтқыштарымен салыстыруға болатын қуат пен айналу сәтін береді. Толыққанды орташа кроссовердің қуаты мен жылдамдығымен үйлесімді ықшам автомобильдерге тән үнемділік - шын мәнінде жетістік. Бұл айтарлықтай дәрежеде жеті сатылы роботталған беріліс қорабына негізделген, сарапшылардың пікірінше, ол өз санатында ең жоғары ПӘК - 98%-ға ие. Бұл қорап Автомобильдерді бағалау институтының бағалағанына сәйкес Қытайдағы 10 үздік трансмиссияның қатарына енді. Мұның бәрі Geely Atlas - ты тіпті беделді әлемдік брендтердің "кластастарымен" салыстырғанда артықшылықты таңдау қылып көрсетеді, деп айтты Қазақстандағы Geely дистрибьюциясының директоры Виктор Нестеров.

Автомобильдің жоғары сипаттамалары қауіпсіздіктің үздік көрсеткіштерін толықтыра түседі: корпусы аэроғарыш классының 7-сериясындағы алюминий қорытпасынан жасалған соққыға қарсы арқалықпен нығайтылған. Аса берік қорытпа кәдімгі болатпен салыстырғанда 50-70% жоғары соқтығысу энергиясын сіңіру коэффициентіне ие, ал шатыры автомобильдің салмағынан 5 есе асатын жүктемелерге төзімді. Көлік өндірушілер Атласты қақтығыс болған жағдайда сенімді қорғауды қамтамасыз ететін алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастықтарымен жабдықтаған. Қауіпсіздік перделері жүргізуші мен жолаушылардың басы мен денелерінің жоғарғы жақтарын қосымша қорғайды. Автомобильдің жүргізушіге көмек көрсетудің электрондық жүйелерінің толық кешенімен, сондай-ақ сырғудың алдын алу, бағамдық тұрақтылықты тұрақтандыру және аударылып қалудың алдын алу бойынша қорғаныс жүйелерімен жабдықталғаны маңызды.

geely

Қазіргі таңда жаңа Atlas автомобиліне алдын ала тапсырыс беруге болады. Уақыты бойынша 2023 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі шектелген арнайы ұсыныс шеңберінде "1.5 2WD Comfort" нұсқасының құны 12 миллион 990 мың теңгеден басталатын соманы құрайды.

Geely Atlas-ты еліміздің әр өңіріндегі Geely автоорталықтарынан тапсырыс беріп, сатып алуға болады. Бүгінде Қазақстанның тоғыз қаласында 11 Geely дилерлік орталығы жұмыс істейді: оның екеуі - Алматыда, ал Атырау, Ақтау, Орал, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Шымкент, Павлодар қалаларында – бір-біреуден.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласыңыз:
+7 771 800 0121.

Other news

"Geely" компаниясы СОР29-ға қатысып, "жасыл" болашақ үшін көрген жетістіктерімен бөлісті.

G-Motors Kazakhstan клиенттермен Geely moments бағдарламасы аясында кездесу өткізді

Geely - автомобиль шығару саладағы инновациялардың танымал әлемдік көшбасшысы ретінде қытайлық брендтер арасында бірінші орынды және 2024 жылы әлемдік рейтингте екінші орынды иеленуде.

Geely Auto 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында рекордтық халықаралық сатылымдармен жаһандық кеңеюін жалғастыруда

Geely Yinhe Starship автомобилі Red Dot Award марапатына ие болды: Design Concept 2024 ( 2024 жылғы дизайн концепциясы)