Экстерьер
Жарқын дизайн
Жаңа Coolray автокөлік бойындағы эстетиканы бағалайтын жандардың тамсанған көзқарасын өзіне жеңіл бұра алады. Арнайы осы модель үшін біз бірегей көп қабатты бояу технологиясын және көру бұрышы өзгерген сайын алуан түрлі реңктермен құлпырып кететін «Ақшыл көк түсті жылтыр» айрықша түсін әзірлеп шығардық.
Әрбір сызығы мен бөлшегінің дизайны спорттық мінезді, динамиканы және энергияны көрсетіп тұр. Толық жарықдиодты оптика түпнұсқа стильді және дизайнға қолданылған инновациялық тәсілді бейнелейді, ал артқы спойлері мен түтін шығатын төрт құбыр жарқын бейнені айшықтап тұрады. Бампердің, бүйірлік қаптамалардың және айналардың «карбон» нақышындағы сәндік әрлемесі жаңа модельдің қайталанбас келбетін тұтастырып тұр.з>
Интерьер
Сезімдерді оятатын интерьер
Интерьердің мүлдем жаңа дизайны – классикалық шешімдер мен қызыл түсті батыл элементтердің үйлесімі. Жарқын акценттер қарқынды береді, энергияны және қозғалысқа құмарлықты оятады
Жоғары сапалы әрлеу материалдары, аспаптар тақтасы мен мультимедиа жүйесінің түрлі түсті экрандары, көпшігі ұзартылған және бүйірлік тіреуіші бар эргономикалық орындықтар – жаңа Coolray сапар кезінде максималды жайлылыққа кепілдік береді.з>
Видео
КҮШТІК ҚОНДЫРҒЫ
МҮЛДЕМ ЖАҢА LEISHEN POWER 1.5 TD ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ
Жаңа төрт цилиндрлі LEISHEN POWER 1.5 TD қозғалтқышы 7DCT беріліс қорабымен толық үйлестікте жұмыс істейді және жүргізушіге автокөлікті 7,6 сек-та 100 км/сағ-қа дейін үдетуді және 5,8 л/100 км-ге дейін (NEDC) төмен отын шығынын қамтамасыз етеді.
Оған қоса 1.5 TD қозғалтқышы сенімділігімен және ұзақ қызмет ету мерзімімен ерекшеленеді. Ұзақ әрі үздіксіз жұмысына кепілдік беру үшін ол жоғары сапалы материалдарды қолдана отырып әзірленген және қатаң сынақтардан өткен.з>
BMA жаһандық архитектурасы
Жарыстық автокөліктер бойынша танымал болған мамандардың кемелдікке дейін жеткізген сенімділіктің жоғары деңгейіз>
Leishen Power 1,5 TD қозғалтқышы
Отын үнемдеуге бағытталған 13 технологиясы бар мүлдем жаңа 4 цилиндрлі қозғалтқышз>
7DCT (Dual Clutch Transmission) беріліс қорабы
Тез әрі жатық ауыстырып қосуды, жоғары тиімділікті және жүргізу бейімділігін қамтамасыз ететін екі ілінісуі бар озық беріліс қорабыз>
ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ҚАУІПСІЗДІК ФУНКЦИЯЛАРЫ
Алдыда жүріп бара жатқан автокөлікке ілесіп орыннан қозғалу, тежелу және ізінен ілесіп отыру. BSD қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, сізді алыс қашықтықтарды жүріп өту қажеттілігінен босатады. Сымсыз зарядтау тұғыры, механикаландырылған артқы борты мен 540 градусқа шолу бұрышы бар мөлдір шасси Coolray автокөлігін жүргізу кезіндегі әрбір аспектінің жайлылық деңгейін жоғарылатады.з>
Бағалар мен конфигурациялар
STANDARD
максималды пайданы ескерілген баға
COMFORT
максималды пайданы ескерілген баға
FLAGSHIP
максималды пайданы ескерілген баға