Geely Auto Group вице-президенті Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

28 шілде 2025 жыл, Алматы. Geely Auto Group вице-президенті және Geely Auto International Corporation бас директоры Алекс Нан Қазақстан Республикасына жұмыс сапарымен келді. Бұл сапар қазақстандық нарықтың стратегиялық маңыздылығын айқындап, ресми дистрибьютор – Orbis Auto автомобильдер тобы арасындағы серіктестіктің брендтің өңірдегі тұрақты дамуы үшін аса маңызды екенін растады.

img

Сапар аясында Алекс Нан Orbis Auto басшылығымен кездесті. Кездесуде Geely компаниясының Қазақстандағы қызмет нәтижелері, клиенттік тәжірибені арттыру, логистиканы жетілдіру және дилерлік желіні кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар өсу бағыттарын анықтап, алдағы кезеңге арналған ортақ мақсаттарды белгіледі.

Алекс Нан Orbis Auto дилерлік орталықтарының жоғары деңгейін атап өтті. Ол орталықтардың архитектуралық шешімін де, клиенттерге қызмет көрсету стандарттарын да жоғары бағалады. Сонымен қатар, Orbis Auto мен Geely Kazakhstan командасының кәсібилігін, бренд қалыптастырудағы және сатуды ұйымдастырудағы жетістіктерін ерекше атап өтті.

«Geely Auto үшін басты басымдық – мықты бренд құру және клиентке бағдарланған тұрақты дистрибуция моделін дамыту. Orbis Auto-пен серіктестік – стратегиялық ынтымақтастықтың нарықты жылдам әрі тиімді дамытуға мүмкіндік беретін жарқын үлгісі. Қазақстанда зор әлеует бар екенін көріп отырмыз және бірге ұзақ мерзімді мақсаттарды жүзеге асырып, өңірдегі Geely позициясын нығайта алатынымызға сенімдіміз», – деді Алекс Нан, Geely Auto Group вице-президенті және Geely Auto International Corporation бас директоры.

img

Geely мен Orbis Auto арасындағы серіктестік 2022 жылы басталып, қысқа уақыт ішінде брендтің Қазақстандағы ауқымды өсуіне ықпал етті. Бүгінде Geely автокөліктері еліміздің 17 қаласын қамтитын 23 автоорталықта ұсынылған. Қазақстандықтарға Monjaro, Atlas, Coolray, Okavango және Emgrand секілді танымал үлгілер қолжетімді.

Сапар барысында Алекс Нан бірнеше Geely шоурумы мен сервис орталықтарын аралап, қызметкерлердің кәсіби даярлығы мен сатудан кейінгі сервистің сапасына ерекше назар аударды.
«Geely Auto Group басшылығының сапары – сенімнің ғана емес, әрі қарайғы дамуға серпін беретін маңызды қадам. Халықаралық автоконцерн біздің еңбегімізді лайықты бағалап, Қазақстан нарығындағы ауқымды міндеттерді жүзеге асыруды сеніп тапсыратынына қуаныштымыз. Бірлесе отырып, жаңа жетістіктерге қол жеткізетінімізге сенімдімін: Geely қазақстандықтарға жақын әрі қолжетімді бола түсіп, брендке деген сенім тек арта береді», – деп атап өтті Orbis Auto автомобильдер тобының бас директоры Динара Искакова.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда Geely сатылымы 5 271 автомобильді құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (3 255 авто) 61,9%-ға артты. Нәтижесінде, бренд еліміздегі ең көп сатылатын 7 автокөлік маркасының қатарына кірді және тұтынушылар тарапынан тұрақты сұранысқа ие екенін көрсетті.

Other news

Geely Coolray J.D. Power беделді рейтингінде көш бастады

Geely Auto Group Германияның Автомобильдік зерттеулер орталығының (CAM) 2025–2026 жылдарға арналған рейтингі бойынша әлемдегі ең инновациялық автомобиль компанияларының ТОП-10 қатарына енді.

Geely Kazakhstan Geely Auto 2026 халықаралық конференциясында Communication Breakthrough Award сыйлығымен марапатталды

Geely компаниясы 2025 жылғы рекордтық табыс пен сату көрсеткіштерін жариялады

Geely Kazakhstan 2026 жылы дамудың жаңа кезеңін бастайды

Geely Қазақстанда жаңартылған Monjaro моделінің сатылымының басталу күнін жариялады