Geely Emgrand седаны J. D. Power China қауымдастығының 2025 жылғы Apeal рейтингінің үш дүркін жеңімпазы болды
Geely компаниясы өз автомобильдерінің сапасы мен сенімділігіне айрықша мән береді. Бұған түрлі салалық ұйымдардың зерттеу нәтижелері дәлел. Тамыз айының соңында Geely Emgrand төртінші буыны J.D. Power China қауымдастығы жасақтаған APEAL (Automotive Performance, Execution and Layout) рейтингінде компакт-седандар санатында үшінші дүркін жеңімпаз атанды. Бұл зерттеу тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін көліктің техникалық сипаттамалары, сапасы және дизайны сияқты критерийлер бойынша бағалайды.

APEAL рейтингін жасау кезінде J. D. Power China сарапшылары ағымдағы жылы 2 айдан 6 айға дейін жеке пайдалануға жаңа көліктер сатып алған Қытайдың 81 қаласының 20 226 тұрғынынан сауалнама жүргізді.. Зерттеуге 39 брендтің 148 моделі қатысты.
J.D. Power China мамандары автокөлік иелеріне 10 санат бойынша 37 сұрақ қойды. Респонденттерден сыртқы дизайн сапасын, іске қосу жүйесін, отырғызу мен түсудің ыңғайлылығын, интерьер эргономикасын, өнімділікті, жүргізу әсерін, қауіпсіздік деңгейін, мультимедиялық жүйенің жұмысын, қозғалыс кезіндегі жайлылықты және үнемділікті бағалау ұсынылды.
Сауалнама нәтижесінде Geely бренді J.D. Power China-ның APEAL 2025 рейтингі бойынша қытайлық автомобиль брендтері арасында екінші орынға ие болды. Нәтиже 1000 мүмкін ұпайдың 758-ін құрады, бұл орташа көрсеткіштен 13 баллға жоғары . Атап өту қажет, Geely бренді APEAL рейтингінде қатарынан екінші жыл екінші орынды иеленіп отыр.
Өз кезегінде, Geely Emgrand төртінші буыны J.D. Power China 2025 APEAL рейтингінде «компакт-седан» санатында бірінші орынды иеленді. Автокөлік өзінің жоғары тұтынушылық қасиеттерін растай отырып, мүмкін болатын 1000-нан 788 ұпай жинады. Модельдің бұл жеңісі дәстүрге айналды, өйткені седан 2024 және 2023 жылдары да өз санатында үздік атанған болатын.
Geely Emgrand заманауи модульдік BMA архитектурасына негізделген, ол сондай-ақ Geely Coolray және Geely Cityray кроссоверлерінің негізін құрайды. Модель өзін заманауи қалалық седан ретінде ұсынады, оның конструкциясында дәстүрлі сенімді шешімдер мен жаңа инновациялық технологиялар үйлесімді біріктірілген. Көлікті қозғалысқа келтіретін сенімді әрі үнемді 1,5 литрлік атмосфералық қозғалтқыш, қуаты – 122 а.к., жанармайды тікелей бүрку жүйесімен жабдықталған. Қазақстан нарығында бұл қозғалтқыш 5 сатылы механикалық беріліс қорабы немесе 6 сатылы гидромеханикалық автоматпен ұсынылады






