Geely Auto Group Германияның Автомобильдік зерттеулер орталығының (CAM) 2025–2026 жылдарға арналған рейтингі бойынша әлемдегі ең инновациялық автомобиль компанияларының ТОП-10 қатарына енді.

Аталған беделді ұйым 2005 жылдан бері автомобиль өнеркәсібіндегі ең инновациялық компаниялардың рейтингін тұрақты түрде жасап келеді. Автокөлік зерттеулер орталығының мамандары жеңіл автомобильдерде қолданылатын ең жаңа технологияларды талдап, олардың көлік иесінің тәжірибесіне қаншалықты сапалы әсер ететінін бағалайды. Инновация деңгейі технологияның жаңашылдығына, бірегейлігіне, сенімділігіне, экономикалық тиімділігіне және экологиялық сипаттарына байланысты анықталады.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша, Geely Auto өз әзірлемесіндегі жеңіл автомобильдерде 50 жаңа технологияны енгізген. Осылайша компанияның жалпы инновациялық индексі 103,9 баллға бағаланып, әлемдегі ірі автомобиль өндірушілер арасында 6-орынға сәйкес келді.

Жаппай нарық сегментіндегі автомобиль брендтерінің инновациялық рейтингіне ерекше назар аударылған. Бұл тізімде Geely бренді де 6-орынды иеленіп, өз модельдеріне 14 жаңа технология енгізген. Lynk & Co (Geely тобына кіретін премиум бренд, алайда CAM оны жаппай сегментке жатқызған) өз көліктеріне 12 инновация енгізіп, жалпы есепте 10-орынға тұрақтады.

Geely Auto компаниясы жүйелі әрі үздіксіз даму қағидатын ұстанып, зерттеу және әзірлеме жұмыстарына белсенді инвестиция салуды жалғастыруда. Бұған дейін Қытайда Geely компаниясының ең заманауи әрі әлемдегі ең ірі қауіпсіздік сынақ орталығы — Geely Safety Centre ашылып, ол бес Гиннес рекордын орнатқан болатын.

Компанияның ең озық технологияларының қатарында EM AI Super Hybrid 2.0 қосылатын гибридті жүйесі, Aegis Golden Brick қауіпсіз тартқыш батареялары және жүргізушіге көмек көрсететін G-ASD электронды ассистенттер кешені ерекше аталады. Бұл технологиялар автомобиль өнеркәсібінің дамуына айтарлықтай үлес қосып, сапа стандарттарын жаңа деңгейге көтеруде.

Other news

Geely Coolray J.D. Power беделді рейтингінде көш бастады

Geely Kazakhstan Geely Auto 2026 халықаралық конференциясында Communication Breakthrough Award сыйлығымен марапатталды

Geely компаниясы 2025 жылғы рекордтық табыс пен сату көрсеткіштерін жариялады

Geely Kazakhstan 2026 жылы дамудың жаңа кезеңін бастайды

Geely Қазақстанда жаңартылған Monjaro моделінің сатылымының басталу күнін жариялады

Жаңартылған Geely Coolray Қазақстан нарығына шықты