Geely Coolray J.D. Power беделді рейтингінде көш бастады
Geely Coolray Қытайдағы беделді маркетингтік және талдамалық J.D. Power агенттігі жасаған рейтингте іштен жанатын қозғалтқышпен жабдықталған субықшам кроссоверлер (B-SUV) санатында бірінші орынға ие болды. Бұл нәтиже Қытай нарығындағы жаңа бензинді автомобиль иелерінің қанағаттану деңгейін бағалауға арналған APEAL 2026 зерттеуінің қорытындысы бойынша анықталды.
Зерттеу аясында сарапшылар 2025 жылдың шілдесі мен 2026 жылдың ақпаны аралығында жаңа автомобиль сатып алған 37 брендтің 131 моделінің 14 184 иесіне сауалнама жүргізді. Қатысушылар өз көліктерін 10 санатқа біріктірілген 37 көрсеткіш бойынша бағалады. Бағалау критерийлеріне дизайн, интерьер әрлеуінің сапасы, жүргізу сипаттамалары мен басқару жайлылығы, қауіпсіздік деңгейі, ақпараттық-ойын-сауық жүйесінің мүмкіндіктері және басқа да маңызды ерекшеліктер кірді.
Зерттеу нәтижесінде Geely Coolray 1000 мүмкін ұпайдың 795 ұпайын жинап, бензинді қозғалтқышпен жабдықталған субықшам кроссоверлер арасында көш бастады. Бұл көрсеткіш модельдің жоғары пайдалану сипаттамаларын дәлелдейді әрі оның танымалдығын айқын көрсетеді. Coolray (Қытай нарығындағы атауы – Binyue) соңғы үш жыл қатарынан Қытайдағы іштен жанатын қозғалтқышпен жабдықталған ең көп сұранысқа ие ықшам кроссовер болып келеді.
Айта кету керек, Geely Coolray – аталған рейтингте көш бастаған компанияның жалғыз моделі емес. Сонымен қатар, Geely Emgrand 799 ұпай жинап, ықшам седандар санатында бірінші орынға ие болды.






