Алматы маңында 1100 Сиверс алма ағашы отырғызылды

Алматыға жақын орналасқан көрікті Қысықсай шатқалында Geely Community экологиялық қауымдастығының қатысушылары 1100 Сиверс алма ағашының көшетін отырғызды. Бұл ежелгі жабайы алма түрі – ғалымдардың айтуынша, қазіргі заманғы барлық алма сорттарының арғы тегі болып саналады. Ағаш отырғызу шарасы Geely Go: «Тыныс ал» жобасы аясында өтті. Жобаның мақсаты – Қазақстанның табиғи мұрасын сақтау және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту.

Бастаманы Қазақстандағы Geely маркасының ресми дистрибьюторы, G Motors Kazakhstan компаниясы ұйымдастырды, компания Orbis auto автомобиль тобының құрамына кіреді. Акцияға Geely автокөліктерінің иелері, еріктілер, экологиялық ұйым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Компания өкілдерінің айтуынша, Сиверс алма ағашын отырғызу бастамасын қолдау арқылы Geely Алматы өңірінің символын сақтауға өз үлесін қосып, осы ерекше түрді қайта қалпына келтіру дәстүрін жалғастырып келеді. G Motors Kazakhstan компаниясының директоры Регина Амерханова атап өткендей, экологияға қамқорлық жасау – компания үшін бір реттік акция емес, бұл – саналы таңдау және корпоративтік философияның бір бөлігі:

«Біз жиі болашақ технологиялары туралы айтамыз, бірақ шынайы болашақ қарапайым істерден басталады. Ағаш отырғызу, тау соқпағын тазалау, туған өңіріңнің символын сақтау – міне, нағыз экологиялық жауапкершілік осыдан басталады. Біз үшін бұл жай ғана тренд емес, өмір философиясы. Geely Community — өзгерісті сөзбен емес, іспен көрсететін адамдарды біріктіретін орта».

Geely Go экологиялық жобасы табиғатты қорғауға бағытталған идеяларды жүзеге асыратын, тәжірибе бөлісетін және бірлескен сапарлар ұйымдастыратын алаңға айналды. Биыл маусым айында қауымдастық мүшелері Алматыда «Таза таулар үшін бірге» атты акция өткізіп, танымал туристік бағыттардан 40 келіден астам қоқыс жинаған еді.

Мұндай бастамалар Geely компаниясының экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілікке (ESG) негізделген жаһандық стратегиясын айқын көрсетеді. Компания көміртек ізін азайтуға, таза энергия технологияларын дамытуға және барлық қызмет бағыттарында тұрақты тәжірибелерді енгізуге ұмтылады.
Қысықсай шатқалындағы Сиверс алма ағаштарын отырғызу — Geely Community қозғалысының табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы келесі қадамы. Әрбір отырғызылған ағаш – Қазақстан табиғатының алуан түрлілігін сақтау мен болашақ ұрпаққа үлес қосу нышаны.
Бүгінде Geely дилерлік желісі Қазақстанның 17 қаласын қамтиды және ел бойынша 23 дилерлік орталықта жұмыс істейді.

Other news

Geely Coolray J.D. Power беделді рейтингінде көш бастады

Geely Auto Group Германияның Автомобильдік зерттеулер орталығының (CAM) 2025–2026 жылдарға арналған рейтингі бойынша әлемдегі ең инновациялық автомобиль компанияларының ТОП-10 қатарына енді.

Geely Kazakhstan Geely Auto 2026 халықаралық конференциясында Communication Breakthrough Award сыйлығымен марапатталды

Geely компаниясы 2025 жылғы рекордтық табыс пен сату көрсеткіштерін жариялады

Geely Kazakhstan 2026 жылы дамудың жаңа кезеңін бастайды

Geely Қазақстанда жаңартылған Monjaro моделінің сатылымының басталу күнін жариялады