Geely CES 2026 көрмесінде Full-Domain AI 2.0 және G-ASD технологияларын таныстырып, жаңа буын смарт автокөлік технологияларын қайта айқындайды
- Geely CES 2026 көрмесіне үшінші рет қатысып, жаңа буын смарт автокліктерінің технологиялық дамуына бағытталған Full-Domain AI 2.0 және G-ASD жүйелерін ұсынды.
- Компания «Full-Domain AI 1.0» тұжырымдамасынан 2.0 нұсқасына өтіп, жоғары деңгейлі автономды жүргізуге көшу процесін жеделдететін G-ASD интеллектуалды жүргізу жүйесін ресми түрде іске қосты.
2026 жылғы 5 қаңтар, Лас-Вегас — Geely Auto Group тұтынушылық электроника саласындағы әлемдік жетекші көрме CES 2026-ға үшінші жыл қатарынан қатысып, интеллектуалды мобильділіктің жаңа дәуіріндегі көшбасшылығын тағы да растады. CES көрмесі жасанды интеллектке негізделген салааралық инновациялық платформаға айналып жатқан шақта, Geely жаңа буын смарт автокөліктердің техникалық негізін түбегейлі өзгертетін екі ірі технологиялық жаңалығын ұсынды: жаңартылған көлік интеллектісінің архитектурасы — Full-Domain AI 2.0, сондай-ақ жоғары деңгейлі автономды жүргізуге өтуді жеделдетуге арналған жаңа G-ASD (Geely Afari Smart Driving) интеллектуалды жүргізу жүйесі.

Full-Domain AI 2.0 — Geely компаниясының бұрынғы Full-Domain AI 1.0 нұсқасымен салыстырғанда елеулі эволюциялық қадам. Бұл жүйе модульдік және бытыраңқы интеллект модельдерінен көліктің барлық жүйесін қамтитын біртұтас жасанды интеллект архитектурасына көшуге мүмкіндік береді. Geely көлік деңгейіндегі есептеу қуатын, деректерді және модельдерді терең интеграциялау арқылы барлық функцияларды басқаратын қуатты орталық интеллектуалды қозғалтқышты — «супер AI миын» қалыптастырды. Нәтижесінде салон, шасси, қауіпсіздік және жүргізу жүйелері бір-бірімен нақты уақыт режимінде өзара әрекеттесе алады.
G-ASD жүйесі жоғары деңгейлі автономды жүргізуге апаратын жолдағы маңызды кезең болып табылады. Geely-дің жаңа буын интеллектуалды жүргізу жүйесі алдыңғы қатарлы жасанды интеллект технологияларын, нақты жол жағдайларынан жиналған ауқымды деректерді, сондай-ақ жоғары өнімді сенсорлар мен есептеу платформаларын біріктіреді. Бұл күрделі жол-көлік жағдайларында қауіпсіздікті арттырып, жүргізушінің сенімділігін күшейтеді.
Джерри Ган, Geely Auto Group бас директоры:
«Жасанды интеллект автомобиль индустриясын түбегейлі өзгертіп жатыр — бұл тек күштік қондырғылар мен компоненттер ғана емес, сонымен қатар мобильділік экожүйелері мен өмір салтының толық қайта құрылуы. Geely бүкіл әлем үшін қауіпсіз, тұрақты және интеллектуалды мобильділікті қалыптастыруды мақсат етеді».
Ли Чуаньхай, Geely Auto Group вице-президенті және Geely ғылыми-зерттеу институтының басшысы:
«2030 жылға қарай автокөліктер эмоциялық қабылдауы бар, проактивті қызмет көрсететін және үздіксіз дамитын ‘суперинтеллектке’ айналады. G-ASD пен Full-Domain AI 2.0 — бұл алыс болашақтағы тұжырымдамалар емес, бүгінде салон мен шассиге интеграцияланып, адамға барынша жақын, аса интеллектуалды және қолдануға өте ыңғайлы тәжірибе ұсынатын нақты технологиялар».
Geely Auto Group туралы
Geely Auto Group — штаб-пәтері Қытайдың Ханчжоу қаласында орналасқан жетекші жаһандық автомобиль компаниясы. 1986 жылы құрылған және Zhejiang Geely Holding Group құрамына кіретін компания Geely, Lynk & Co және Zeekr брендтерімен жеңіл автокөліктерді әзірлеп, өндіреді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Geely Auto компаниясының жиынтық сатылымы 3 024 567 автокөлікті құрап, жылдық жоспардан асып түсті және өткен жылмен салыстырғанда 39% өсімге қол жеткізді. Жаңа энергия көздеріндегі автокөліктердің (NEV) сатылымы 1 687 767 бірлікті құрап, 90% жылдық өсім көрсетті.
Технологиялық инновацияларға, электрлендіруге және тұрақты мобильділікке басымдық бере отырып, Geely Auto Group Қытайда, Еуропада және негізгі халықаралық нарықтарда заманауи ғылыми-зерттеу орталықтары мен өндірістік алаңдарды басқарады. Компания гибридті күштік қондырғылар, толық электрлі архитектуралар, интеллектуалды байланыс жүйелері және автономды жүргізу технологиялары арқылы қауіпсіз, сапалы әрі интеллектуалды автокөліктерді ұсынуға ұмтылады.
Жаһандық компания ретінде Geely Auto Group стратегиялық серіктестіктер, жергіліктендірілген операциялар және салалық платформалар арқылы халықаралық қатысу аясын кеңейтіп, экологиялық таза, ақылды және қолжетімді мобильді шешімдер жасап, тұрақты көлік болашағын қалыптастыруды жалғастыруда.






