Geely Қазақстанда үш жыл: Geely Coolray ұтыс ойынының нәтижелері
Алматы, 22 қаңтар 2026 жыл. Geely бренді Қазақстан нарығында ресми түрде жұмыс істеп келе жатқанына үш жыл толғанын атап өтуде. Қазақстандағы Geely маркасының ресми дистрибьюторы — Orbis Auto автомобильдік тобына кіретін G Motors Kazakhstan компаниясы. Осы үш жыл ішінде Geely нарықтағы позициясын нығайтып, модельдік қатарын кеңейтіп, сатылым көлемін 2023 жылмен салыстырғанда екі еседен астам арттырды.
Бүгінде Geely Қазақстанда нарықтағы ең сұранысқа ие сегменттерде ұсынылған бес модельмен — Emgrand, Coolray, Atlas, Okavango және Monjaro — таныстырылған. Модельдік қатардың кеңеюі сату арналары мен сервистік қолдаудың дамуына қатар жүріп, брендтің еліміздің барлық өңірлеріндегі клиенттер үшін қолжетімділігін арттырды.
Geely бренді 2022 жылдың қазан айында Қазақстан нарығына шыққан сәттен бастап жалпы саны 21 516 автомобиль сатылды. Бренд сатылымы тұрақты өсім көрсетіп келеді: 2023 жылы — 3 643 автомобиль, 2024 жылы — 8 252 (+126% жылдық өсім), 2025 жылы — 9 621 автомобиль (+2024 жылмен салыстырғанда 16,6%). Осылайша, 2023 жылмен салыстырғанда сатылым көлемі екі еседен астам өсті.
«Қазақстан нарығындағы үш жыл Geely үшін тұрақты өсім кезеңі әрі клиенттердің сенімінің айқын дәлелі болды. Бүгінде Geely — бұл тек сұранысқа ие модельдер мен өсіп жатқан сатылым ғана емес, сонымен қатар дамыған дилерлік инфрақұрылым, сервистің жоғары деңгейі және клиенттер алдындағы ұзақмерзімді міндеттемелер. Біз нарықтың жоғары әлеуетін көріп отырмыз және брендтің қатысуын кеңейтуге, заманауи технологияларды енгізуге әрі клиенттік тәжірибені жақсартуға инвестиция салуды жалғастырамыз», — деді G Motors Kazakhstan директоры Регина Амерханова.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Geely Қазақстандағы ең танымал он брендтің қатарына еніп, нарықтағы 4,1% үлеспен барлық брендтер арасында 10-орынды иеленді (ҚАО деректері). 2025 жылы ең көп сатылған модельдер — Emgrand (3 398 автомобиль), Coolray (3 259) және Atlas (1 597). Сонымен қатар, C-класс сегментіндегі Geely Emgrand седаны қатарынан екінші жыл сатылым көшбасшысы атанып отыр.
Geely бренді Қазақстанның 17 қаласында ұсынылған, онда 23 дилерлік орталық жұмыс істейді. 2025 жылы дилерлік желі кеңейтіліп, Петропавл, Көкшетау, Шымкент және Орал қалаларында жаңа орталықтар ашылды. Жылдың басты басымдықтарының бірі — ел аумағында сервистік қызметтің қолжетімділігі мен клиенттік қызмет көрсету сапасын арттыру болды. Geely иелері үшін ұзақмерзімді пайдалану мен сенімділікті қамтамасыз ететін бағдарламалар қолжетімді: 7 жылдық кепілдік, trade-in бағдарламалары және автокөлікті сатып алу мен пайдалануды жеңілдететін қаржылық шешімдер.
Қазақстандағы брендтің одан әрі дамуы 2027 жылға жоспарланған жергілікті өндірісті іске қосумен байланысты. Бұл жоба Geely үшін елдегі стратегиялық дамудың негізгі бағытына айналады. Локализация логистикалық тізбектерді оңтайландырып, клиенттерге автокөліктерді сатып алу үшін неғұрлым икемді әрі тартымды шарттар ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл брендтің Қазақстан нарығындағы ұзақмерзімді міндеттемелерін және заманауи технологиялық шешімдерді қазақстандық автокөлік әуесқойлары үшін барынша қолжетімді етуге ұмтылысын растайды.
Сонымен қатар, Қазақстандағы үш жылдығына орай Geely арнайы клиенттік акция өткізді — Geely Coolray автокөлігінің және бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны ұйымдастырылды. Бас жүлде 2025 жылдың 1 қарашасы мен 31 желтоқсаны аралығында Қазақстандағы ресми Geely дилерлік орталықтарынан кез келген Geely автокөлігін сатып алған клиенттер арасында ойнатылды. Осы кезеңдегі барлық сатып алулар автоматты түрде ұтысқа қатысуға негіз болды. Қосымша жүлделер 2025 жылдың 3–31 желтоқсан аралығында өткізілген тест-драйвтарға қатысушылар арасында ойнатылды: iPhone, Apple Watch, сондай-ақ ҚХР, Хайнань аралына (Санья) саяхат. 2026 жылдың 16 қаңтарында өткен ұтыс қорытындысы бойынша бас жүлде Қарағанды қаласының тұрғыны, Emgrand иесі Гибадуллин Дамир Рүстемұлына табысталды.
Қосымша ақпарат алу үшін 9988 телефон нөміріне хабарласыңыз, info@geely.kz электрондық поштасына жазыңыз немесе geely.kz сайтына кіріңіз.






