Geely Kazakhstan 2026 жылы дамудың жаңа кезеңін бастайды
Алматы, 2026 жылғы 19 ақпан. Қазақстандағы Geely компаниясының ресми дистрибьюторы – Orbis Auto автомобильдік тобының құрамына кіретін G Motors Kazakhstan компаниясы Алматы қаласында жыл сайынғы дилерлік конференциясын өткізіп, Geely New Era атауымен 2026 жылға арналған брендтің даму тұжырымдамасын таныстырды. Дамудың жаңа кезеңі клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға және Geely брендіның Қазақстан нарығындағы позициясын одан әрі нығайтуға бағытталған.

Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 23 дилерлік орталықтың өкілдері қатысты. Конференция 2025 жылдың қорытындыларын шығарып, негізгі басымдықтарды талқылауға және Қазақстандағы Geely брендіның ұзақ мерзімді даму бағытын айқындауға арналған алаң болды.
«Geely New Era – біз таңдаған стратегияның заңды жалғасы. Біз Қазақстанда берік негіз қалыптастырып, Geely автокөліктерінің барлық иелеріне қолдау көрсетіп келеміз. Бүгінгі міндетіміз – клиенттермен өзара әрекеттесу сапасын арттыру, ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды дамыту және толыққанды сервистік қолдау жүйесін қалыптастыру. Осылайша әрбір иесі автомобильді пайдаланудың бүкіл кезеңінде брендтің қолдауын сезінуі тиіс. 2026 жылы біз дилерлік желіні кеңейтуді жалғастырып, Geely-дің жаһандық стратегиясына сәйкес Қазақстандағы жергілікті қатысуымызды күшейтеміз», – деп атап өтті G Motors Kazakhstan компаниясының директоры Регина Амерханова.

Жалпы көрсеткіштер бойынша Geely Қазақстанда тұрақты оң динамика көрсетіп келеді. Егер 2023 жылы 3 643 автомобиль сатылса, 2024 жылы сатылым екі еседен астам өсіп, 8 252 данаға жетті. 2025 жылы да өсім жалғасты: жыл қорытындысы бойынша сатылым көлемі тағы 16%-ға артып, 9 621 автомобильді құрады. Бұл жетістіктің негізгі драйверлері Emgrand және Coolray модельдері болды. Олар брендтің абсолютті бестселлерлері мәртебесін нығайтты. Жыл қорытындысы бойынша 3 398 Emgrand және 3 259 Coolray сатылып, бұл клиенттердің жоғары сенімін және Қазақстан нарығындағы Geely-дің негізгі модельдеріне деген тұрақты сұранысты дәлелдеді.

Сонымен қатар компания дилерлік желіні кеңейтуді жалғастырады. 2026 жылы жаңа орталықтарды Алматы, Астана, Шымкент, Талдықорған және Семей қалаларында ашу жоспарланып отыр. Географияның кеңеюі клиенттік сервистің деңгейін арттырып, өңірлерде брендтің өнімдері мен қызметтеріне қолжетімділікті одан әрі жеңілдетеді.
Дәстүр бойынша конференция аясында 2025 жыл бойынша дилерлік желінің жұмысына қорытынды жасалды. «Жыл дилері» атағын екінші жыл қатарынан ең жоғары кешенді нәтижелер көрсеткен Geely Oskemen дилерлік орталығы иеленді.
Сондай-ақ Geely құндылықтарын бөлісіп, бренд пен клиенттік қауымдастықтың дамуына елеулі үлес қосқан сенімді серіктестердің жұмысына ерекше назар аударылды. Жыл қорытындысы бойынша олардың бастамашылдығы мен нарықтағы брендті нығайтуға қосқан үлесін мойындау ретінде арнайы Geely марапаттары табысталды: Geely Astana Flagship, Geely Almaty Kuldzhinka, Geely Kostanay, Geely Almaty Suyunbaya, Geely Pavlodar, Geely Oskemen.
Қосымша ақпарат алу үшін 9988 телефонына хабарласуға, info@geely.kz электрондық поштасына жазуға немесе geely.kz сайтына кіруге болады.






