Жаңартылған Geely Coolray Қазақстан нарығына шықты

Қазақстан Республикасындағы Geely брендінең ресми дистрибьюторы және Orbis Auto автомобиль тобының құрамына кіретін G Motors Kazakhstan компаниясы Қазақстан нарығында жаңартылған Geely Coolray кроссоверін таныстырды. Модель төрт жинақтамада ұсынылады – Standard, Comfort, Flagship және Flagship Sport Pack, ұсынылған бөлшек сауда бағасы 9 690 000 теңгеден басталады.

Geely Coolray моделінің жаңартуы автомобильдің негізгі элементтерін қамтыды, соның ішінде техникалық бөлігі, дизайны және цифрлық жабдықталуы. Брендтің ресми дистрибьюторының мәліметінше, енгізілген өзгерістер модельдің динамикасын, функционалдығын және жабдықталу деңгейін жақсартуға мүмкіндік беріп, оны ықшам қалалық кроссоверлер сегментінде бәсекеге қабілетті етті.

Geely

«Geely Coolray Қазақстан нарығындағы брендтің ең сұранысқа ие модельдерінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3 259 Coolray автокөлігі сатылды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 42%-ға көп және ықшам кроссоверлер сегментінде модельге деген тұрақты қызығушылықты көрсетеді. Жаңарту клиенттердің қазіргі талаптарына жауап беріп, автомобильдің негізгі артықшылықтарын – практикалықты, теңгерімді техникалық сипаттамаларды және бәсекеге қабілетті баға позициясын сақтауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті G Motors Kazakhstan директоры Регина Амерханова.

Жаңартылған Coolray моделінің негізінде 1,5 литрлік турбокомпрессорлы бензин қозғалтқышы орнатылған. Оның қуаты 174 а.к., айналу моменті 290 Н·м. Қозғалтқыш 7 сатылы «ылғалды» роботтандырылған беріліс қорабымен (7DCT) жұптасып жұмыс істейді. Барлық техникалық шешімдер BMA модульдік платформасында жүзеге асырылған, ол кузовтың жоғары беріктігін және басқарудың жақсаруын қамтамасыз етеді. Автокөлік 100 км/сағ жылдамдыққа 7,6 секундта үдейді, ал орташа жанармай шығыны 100 км-ге 6,5 литрді құрайды. Әртүрлі жол жағдайларына бейімделу үшін төрт жүргізу режимі қарастырылған: Eco, Comfort, Sport және Smart.

Geely

Техникалық жаңартулар модельдің сыртқы келбетіндегі өзгерістермен толықтырылды. Автокөлік жаңа радиатор торымен және жарықдиодты оптикамен жабдықталған жаңартылған алдыңғы бөлікке, тұтас артқы LED-шамдарға, екі түсті кузов бояуына, 18 дюймдік жеңіл қорытпалы дөңгелектерге және спорттық аэродинамикалық спойлерге ие болды.

Жаңартулардың логикалық жалғасы – цифрлық технологиялар мен эргономикаға басымдық берілген интерьер. Жабдықталуына 8,8 дюймдік цифрлық аспаптар панелі және 14,6 дюймдік орталық сенсорлық дисплейі бар Flyme Auto мультимедиа жүйесі кіреді, сондай-ақ Android Auto қолдауы қарастырылған. Жинақтамаға байланысты жүргізуші орындығының электр реттелуі, алдыңғы және артқы орындықтардың жылытылуы, трансмиссияның электрондық селекторы және панорамалық шатыр қолжетімді.

Geely

Белсенді қауіпсіздік жүйелеріне ерекше назар аударылған. Жаңартылған Geely Coolray жүргізушіге көмектесетін ADAS L2 деңгейіндегі жүйелер кешенімен жабдықталған. Олардың қатарында интеллектуалды круиз-бақылау, қозғалыс жолағында ұстап тұру жүйесі, автоматты шұғыл тежеу, соқыр аймақтарды бақылау және тұраққа қою ассистенттері бар. Маневр жасауды жеңілдету үшін 540° панорамалық шолу жүйесі қарастырылған.

Geely

Жаңартылған Geely Coolray Қазақстанның 17 қаласындағы 23 ресми дилерлік орталықта қолжетімді.

Қосымша ақпарат алу үшін 9988 телефон нөміріне, info@geely.kz электрондық поштасына хабарласуға немесе geely.kz сайтына кіруге болады.

Other news

Geely компаниясы 2025 жылғы рекордтық табыс пен сату көрсеткіштерін жариялады

Geely Kazakhstan 2026 жылы дамудың жаңа кезеңін бастайды

Geely Қазақстанда жаңартылған Monjaro моделінің сатылымының басталу күнін жариялады

Geely Қазақстанда үш жыл: Geely Coolray ұтыс ойынының нәтижелері

Geely CES 2026 көрмесінде Full-Domain AI 2.0 және G-ASD технологияларын таныстырып, жаңа буын смарт автокөлік технологияларын қайта айқындайды

2027 жылы Geely Coolray және Emgrand модельдері Алматыда өндірілетін болады.